384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында үй өртінен зейнеткер зардап шекті

  • 149
Павлодар облысында үй өртінен зейнеткер зардап шекті

Ер адам Павлодар облысындағы «Мелиоратор» саяжайында болған өрттен зардап шекті, деп хабарлайды «Павлодар жаңалықтары».

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 10 қарашада кешкі сағат сегізде болған. «Мелиоратор» саяжайында Черемуховая көшесі, 129 мекенжайындағы қараусыз қалған аумақта шағын үй толығымен жанып кетті. 1961 жылы туған ер адам 2-3 дәрежелі термиялық күйікпен бірінші қалалық ауруханаға жатқызылды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Солнечный кентінің Энтузиастар саябағында 1-қатар көшесінде көрші екі үй өртенді. « 9 қараша күні сағат 18:44-те Тереңкөл ауылындағы Целинная көшесінде ВАЗ 2106 көлігі толықтай жанып кетті», – деді департаментте. Өрт қасақана қойылған болуы мүмкін. Іс полицияға жолданды. Сондай-ақ департаменттің хабарлауынша, сол күні Ертіс ауылында Ысқақов көшесінің бойында ағаш қора өртеніп, жалын 70 шаршы метр аумақты шарпыды. Апаттың себебі мен шығыны анықталып жатыр. 

Хабар 24 телеарнасы