384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада қоғамдық көлік пен трактор соғылды

  • 222
  • UPD: 11:29, 12.11.2019
Елордада қоғамдық көлік пен трактор соғылды

Нұр-Сұлтанда қар тазалайтын трактор мен жолаушылар автобусы соқтығысты, деп хабарлады елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Алдын ала болжамдар бойынша трактор автобусқа жол бермеген. Сағат 9:10-да Пушкин мен Абылайхан даңғылының қиылысында автобус тура жүріп келе жатқан. Қар тазалайтын трактор №40 маршруттық автобусты өткізіп жібермеген», - деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта оқиға орнында тексеріс жұмыстары жүріп жатыр.

«Трактор Пушкин көшесіне солға бұрылған, ал автобус тіке келе жатқан. Автобуста жолаушылар болған», - деді полиция.

Хабар 24 телеарнасы