386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында көлік қаққан бүлдіршін көз жұмды

  • 178
  • UPD: 17:07, 12.11.2019
Түркістан облысында көлік қаққан бүлдіршін көз жұмды

Түркістан облысы Ордабасы ауданында кішкентай бүлдіршінді көлік қағып кетті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзованың айтуынша, қайғылы жағдай кеше кешке Бадам ауылында болған. Балабақша жасындағы баланы «Опель вектра» көлігінің жүргізушісі қағып кеткен. Оның Ордабасы ауданының тұрғыны екені анықталды.

«Жүргізуші жол көлік оқиғасынан кейін ешқайда кетпеген. Ол қазір көлік уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оқиға ҚР ҚК-нің 345 бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді Салтанат Қаракөзова.

Хабар 24 телеарнасы