384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда құбыр жарылып, мектеп маңын су басты

  • 189
  • UPD: 17:37, 12.11.2019
Петропавлда құбыр жарылып, мектеп маңын су басты

Төтенше жағдай күндізгі сағат бір кезінде «Жас Өркен» шағын ауданында болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір мамандар арнайы техниканың көмегімен су сору жұмыстарымен айналысып жатыр. Алдын ала болжам бойынша диаметрі 500 миллиметр болатын су таратқыштан ақау шыққан. Оқиғаға байланысты білім ошағында түстен кейін оқитын оқушылардың сабағы қысқартылды. Мұнымен қоса, осы аумақта орналасқан төрт бірдей екі қабаттан тұратын үйдің тұрғындары тіршілік нәрінсіз қалды. Жалпы жыл басынан бері облыс орталығында 150-ге жуық осындай апат тіркелген. Себебі шаһардағы су құбырларының 70%-і тозған.

Арман Сауытов, сумен қамту кәсіпорнының техникалық директоры:

Бұл жердегі су таратқыш құбыр әбден ескірген. Өткен ғасырдың 1960-1970 жылдары салынған екен. Жыл соңына дейін оны толығымен ауыстыратын боламыз. Ал орын алған олқылықтың орнын кешке дейін толтырып, тұрғындарға су беруді жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы