384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде соңғы екі айда 24 балықшы суға кетті

  • 188
  • UPD: 18:28, 12.11.2019
Елімізде соңғы екі айда 24 балықшы суға кетті kokshetau.asia

Соңғы екі айда елімізде 24 балықшы суға батып кетті.

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қостанай облысы, Жетіқара қаласында үш бала тоғанға барып, мұз астына түсіп кеткен. 1954 жылғы азамат, балаларды мұз астынан алып шыққан. Өкініше қарай, қатты үсік шалған үш баланың екеуін құтқару мүмкін болмады», - дейді Владимир Беккер.

Оның айтуынша, бастарын қауіп-қатерге тігіп, балаларды ажалдан арашалап қалған азамат марапатталған.

«Мұз қалыңдығы 10-15 см болғанша, үстімен жүріп тәуекел етуге болмайды. 1 қыркүйектен бері еліміз бойынша аулауға кеткен 24 адам суға басқан. Мұның бәрі қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болуды», - дейді Комитет төрағасы.

 

Хабар 24 телеарнасы