384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда отпен жүретін көлік иесіне айыппұл салынды

  • 167
  • UPD: 21:12, 12.11.2019

Соңғы 10 күннің ішінде Алматыда жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген 50-ден астам автомобиль анықталды.

Оның ішінде «Лексус» көлігін мінген жүргізуші жол ережесін 200-рет бұзыпты. Ал, 100-ден астам көлік тіпті номерсіз жүйткіген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ отпен жүретін көліктің иесі белгілі болды. Ол да жалған номер тағып алыпты. Тұрғындардың көңілін ауламақшы болған 64 жастағы ер азаматқа алты хаттама толтырылып, темір тұлпары айып тұрағына тоғытылды.

Ағашпен жүретін көлік туралы бейнекөрініс ақпарат құралдарында тез тарап, талайларды таң қалдырды. Олардың қатарында полиция қызметкерлері де бар. Көп кешікпей ескі көліктің иесі Сүйінбай даңғылының бойында ұсталды.

Жандос Мұратәлиев, қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы:

Ондай өзгерістер көлікке біздің заңға сәйкес енгізуге болмайды. Себебі ол жүріп бара жатқан кезде көліктің сыртынан шығып тұратын заттар ол ұшып кетіп, біреуге немесе өзіне де зақым келтіруі мүмкін.

Зейнеткер көлігін 2017 жылы есептен шығарып тастаған. Бірақ есік алдында босқа тұрған соң оны өзгертіп, елдің көзіне түскісі келген болу керек. Көшеде еркін жүруі үшін жалған мемлекеттік нөмір тағып алыпты.

Жандос Мұратәлиев, қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы:

Қойғаннан кейін жүргізгені үшін оған басқаша әкімшілік хаттама толтырылады. Сол жүргізгені үшін жиырма АЕК айыппұл салынуы мүмкін немесе 1 жылға дейін жүргізу куәлігінен айырылады.

Бұдан басқа тағы бес хаттама толтырылды. Айта кеткен жөн, зейнеткер жалған нөмірмен Алматы көшелерінде жаздан бері жүріп келеді. Оған әлеуметтік желідегі видеолар дәлел. Тек жазда пештің орнына душ қолданған.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы