384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әйелін пышақтап өлтірген елордалық 11 жылға сотталды

  • 203
Әйелін пышақтап өлтірген елордалық 11 жылға сотталды Сыр медиа

Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты елорда тұрғынына қатысты қылмыстық  істі қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қылмыстық қудалау органы Н. есімді азаматқа қасақана кісі өлтірді деген айып таққан. Іс материалынан анықталғаны, Н. қызғаныш салдарынан мас күйінде әйеліне пышақ салып, нәтижесінде ол көз жұмады. Сот Н.-ны адам өлтіргені үшін (ҚР ҚК-нің 99 б. 1 б.) кінәлі деп танып, ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды» делінген хабарламада.

Үкімге апелляциялық шағым беріліп, өзгеріссіз қалдырылды.

Хабар 24 телеарнасы