386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да шекарашылар 128 дана киік мүйізін тәркіледі

  • 156
  • UPD: 12:31, 14.11.2019
БҚО-да шекарашылар 128 дана киік мүйізін тәркіледі

Батыс Қазақстан облысында шекарашылар Ресейге 128 дана киік мүйізін алып өтпек болған Ресей азаматын ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сайын даланың сәні саналатын ақбөкенді аяусыз қырып, мүйізін пайда қылғысы келетіндер азаймай отыр. Кеше батысқазақстандық шекарашылар «Ақсай» өткізу бекетінде 29 келі киік мүйізін тәркіледі. Ресей азаматы өзімен бірге шекарадан жалпы саны 128 дана мүйізді көрші елге алып өтпек болған. Алдын ала есептеулер бойынша табиғатқа келген шығын 242 миллион теңгені құрайды. Қазір Бөрлі аудандық полиция бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу алды амалдары басталды.

Хабар 24 телеарнасы