384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында бір үйір киік суға батып кетті

  • 175
  • UPD: 13:42, 14.11.2019
Ақтөбе облысында бір үйір киік суға батып кетті

Жайылымда жүрген жануарлар Ырғыз ауданының аумағындағы Телғара өзенінің үстінен өткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда мұз ойылып, 33 бас су түбіне кетіпті. Қорықшылардың айтуынша, батып кеткен бөкендер табиғи ортаға енді бейімделе бастаған киіктердің биылғы лақтары. Таяуда бұл аумақта боран соғып, айналаны қар басқан еді. Дегенмен, қыс мезгілі басталғанымен, өзен-көлдерде қалың мұз қата қойған жоқ. Сондықтан да мамандар және төтенше жағдай қызметінің өкілдері тұрғындарға сақ болуларын ескертіп отыр. Әсіресе, балаларды қараусыз қалдырмауын сұрайды.

Құмар Тұрмағамбетов,ТЖД басқарма бастығының орынбасары:

- Бір адамның салмағын көтеретін мұздың қалыңдығы 7 см-ден кем болмауы керек. Ал, машина жүруге 30 см-ден кем болмауы керек. Бұдан басқа, бізде аңшылар, балықшылар көп. Оларға да ескерту балық аулауға шығып жатсаңыздар, қолдарыңызда қажетті құрал-жабдықтар болуы керек. Қолдарыңызда кемінде 30 метрден кем емес арқан жіп болуы керек. Одан басқа жилеттер болғаны қажет.

Хабар 24 телеарнасы