384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екібастұздағы көмір кенішінде апатты жағдай болды

  • 235
  • UPD: 14:02, 15.11.2019
Екібастұздағы көмір кенішінде апатты жағдай болды

Екібастұздың «Богатырь көмір» кенішінде болған апаттан бір адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға кеніштің көмір тасымалдайтын теміржол қатынасындағы «Батыс» теміржол бекетінде болған. Алғашқы тексеру актісіне сәйкес, тоқсыз қалған локомотив жүк вагондарымен кері бағытқа қозғалған. Нәтижесінде 48 вагонның 28-і бүлініпті. Ал кабинаға қысылып қалған машинисті құтқарушылар алып шыққан. Оның көмекшісі апат кезінде сыртқа секіріп үлгеріпті. Ауыр жарақат алған локомотив машинисі қазір Екібастұз қалалық ауруханасында жатыр. Жағдайы тұрақты. 

Асқар Қапанов, облыстық еңбек басқармасының басшысы:

– Қарашаның 14-і сағат 12-де «Богатырь көмір» кенішінде бақытсыз жағдай болып, 34 жастағы жұмысшы зардап шекті. Ол локомотивтің соқтығысуынан жарақат алған. Қазіргі кезде жарақатының деңгейі анықталып жатыр. Арнайы тексеруді өндірістік қауіпсіздік департаменті жүргізеді.

Хабар 24 телеарнасы