376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда банк қызметкері 87 млн теңгені жымқырып, елден қашып кеткен

  • 342
  • UPD: 23:24, 15.11.2019
Қостанайда банк қызметкері 87 млн теңгені жымқырып, елден қашып кеткен © Тұрар Қазанғапов

Қостанайда Жітіқара аудандық банк филиалының директоры ақша ұрлап, елден қашып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол 205 мың еуроны өзіне сеніп тапсырылған қаржы ұйымының кассасынан жымқырған. Бұл жөнінде банктің облыстық филиалының директоры полицияға арыз түсіріпті. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицияның мәлімдеуінше, күдікті қылмыс жасалған күні жеңіл көлікпен Қазақстаннан Ресейге өткен.

Кенже Қонысбай, облыстық ІІД қызметкері:

- Аталған қылмысты жасады деп банк қызметркері күдікке ілікті. Тергеу амалдарында ол өзіне сеніп тапсырылған 87 млн теңгені ұрлаған. Қазіргі таңда оның Ресейге өтіп кеткені белгілі болды. Полиция оны ұстау операциясын қолға алды.

Хабар 24 телеарнасы