СҚО-да жалғызбасты әйел мен оның баласын айуандықпен өлтірген қаскөй сотталды
- 195
- UPD: 23:33, 15.11.2019

Солтүстік Қазақстанда жалғыз басты әйелмен оның үш жасар баласын асқан айуандықпен өлтірген қаскөй 21 жылға сотталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жантүршігерлік оқиға биыл тамыз айында Мамлют ауданының орталығында болған еді. Сотталушы ескі танысымен жанжалдасып қалып, әйел мен қызын басынан ағашпен ұрғылап, артынан бірнеше жерден пышақтаған. Қаныпезердің есірткі тұтынғаны анықталды.
Дастан Исмаилов, облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:
- ҚР ҚК-тің 99-бабы, 2-бөлімі 1,3,5.,14-тармақтары негізінде Игорь Деменьтев кінәлі деп танылып, 21 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жазасын максималды қауіпсіздік деңгейіндегі түрмеде өтесін.
Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев