376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда адам өліміне алып келген жол апатына кінәлі жүргізуші ұсталды

  • 231
Алматыда адам өліміне алып келген жол апатына кінәлі жүргізуші ұсталды

Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кеткен әйел ұсталды.

Ол апат кезінде мас күйде болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Hyundai маркалы автокөліктің  жүргізушісі, 1992 жылғы С. есімді азамат мас күйде жаяу жүргіншіні қағып кетті, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі «Автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, апат MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығы маңында болған. Әйел ұйықтап қалып, көлік жол жиегіне шығып кеткен. Салдарынан сауда ойын-сауық орталығының автотұрағына кіре берісте тұста жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол көлік оқиғасынан жүргізуші жеңіл жарақат алса, ал жаяу жүргінші сол жерде тіл тартпай кетті.

Хабар 24 телеарнасы