384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысындағы шахтадан кеншінің денесі табылды

  • 153
  • UPD: 10:10, 18.11.2019
Қарағанды облысындағы шахтадан кеншінің денесі табылды tengrinews.kz

Қарағанды облысындағы «Қазақстандық» шахтасынан кенші өлі табылды, деп хабарлады Tengrinews.kz «АрселорМиталл Теміртау» баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 қарашада «Қазақстандық» қазандық шахтасының шебері көз жұмған. Әзірше өлім себебі белгісіз. Іс бойынша мемлекеттік комиссия құрылып, тергеу амалдары басталды. 

Еске салайық, дәл осындай оқиға 8 қарашада Қарағанды облысындағы «Саранская» шахтасында болған. 

«АрселорМиталл Темиртау» хабарлауынша, қызметкердің қайтыс болуы жазатайым оқиға болған. Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, болған оқиға жайлы жедел түрде тиісті мемлекеттік органдар мен кәсіподақ ұйымы хабардар етілді.

Хабар 24 телеарнасы