384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көлік ағашқа соғылып, екі адам қаза тапты

  • 231
  • UPD: 15:28, 18.11.2019
Көлік ағашқа соғылып, екі адам қаза тапты

Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, екі адам жарақаттанды.

18 қараша күні Үшарал қаласында BMW 530 автокөлігі қаладағы орталық көшелердің бірінде ағашқа соғылған, деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апаты салдарынан 23 жастағы көлік жүргізушісі мен оның бір жолаушысы жан тәсілім етті. Тағы екі жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен Алакөл аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

Полиция департаментінің айтуынша, жол апатының мән-жайы тексеруден кейін белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы