386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да ауруханадан 20 млн теңге жымқырған есепшіге қатысты іс қозғалды

  • 129
  • UPD: 20:43, 18.11.2019
СҚО-да ауруханадан 20 млн теңге жымқырған есепшіге қатысты іс қозғалды

Қазына қаражатын талан-таражға салған есепші. Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Қызылжар аудандық ауруханасының бухгалтері 2016-2018 жылдар аралығында республикалық бюджеттен бөлінген қаржыны жымқырып келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нақтырақ айтқанда, дәрігерлердің айлығы мен медициналық мекемеге құрылғылар сатып алуға бағытталған ақшаны ол өз пайдасына жарату үшін жеке карточкасына аударып отырған. Аталған қылмыстық істі экономикалық тергеу департаментінің мамандары арнайы тексеріс барысында анықтады. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 20 миллион теңгеден асқан. Жалпы жыл басынан бері өңірде медицина саласына бөлінген қаржыны иемденудің 10 фактісі тіркелді.

Рахим Мақажанов, облыстық экономикалық тергеу департаменті басқармасының басшысы:

- ҚР ҚК 190-бабы 2-бөліміне қатысты іс қозғалып, оны біз сотқа жібердік. Бүгінде есепші аурухана бюджетінен иемденген қаржыны толығымен қайтарып берді. Соттың үкімімен алаяқ 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Енді ол алдағы бес жыл бойы бұл салада еңбек ете алмайды

Хабар 24 телеарнасы