386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында қыс басталмай жатып жолда қалған 100 адам құтқарылды

  • 157
  • UPD: 21:14, 18.11.2019
Ақмола облысында қыс басталмай жатып жолда қалған 100 адам құтқарылды

Ақмола облысында қыс басталмай жатып 5 мәрте жолдар жабылып, 100-ден астам жолаушы құтқарылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 9-ы бала. Ал, бірнеше тұрақты мекенжайы жоқ адам үсіп мерт болған. Бұл айналасы бір айдың ішінде болған оқиғалар. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері осыған қатысты брифинг өткізіп, тұрғындарға қолайсыз ауа райы кезінде ескертулерге құлақ асу қажеттігін тағы бір рет қаперге салды. Ал, құзырлы органның дайындығына келер болсақ, департаментке қарасты 65 арнайы техника мен 1 мыңнан астам құтқарушы жақында дайындықтарын пысықтаған. «Қазір олар сақадай сай әзір тұр», - дейді, мамандар.

Айта кетейік, алдағы күндері аймақта қатты аяз болады деген болжам бар. Түнде тіпті ауа температурасы 25-30 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Сондықтан құтқарушылар, тұрғындарды аса сақ болуға шақырды.

Қанат Доспаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Қазіргі таңда біз аймақ жолдарынан 354 жерде қардың көп жиналатын анықтадық. Сондықтан осы жолдардың бойынан 239 жылыту бекеті мен 174 тамақтану орны әзірленді. Ал, жылыту бекеттеріне тамақ жеткізу үшін 40 шақты кәсіпкерлік нысанымен келісімшарт жасалды.

Хабар 24 телеарнасы