386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жезқазғанда мектептегі өрттен 640 адам эвакуацияланды

  • 191
  • UPD: 13:35, 19.11.2019
Жезқазғанда мектептегі өрттен 640 адам эвакуацияланды

Жезқазған қаласындағы №3 орта мектептен өрт шықты. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«19 қараша күні сағат 11:39-да өртке қарсы қызмет пультіне Жезқазған қаласындағы №3 орта мектептен өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшесі оқиға орнына жеткен кезде еңбек кабинетінің токар станоктарының жанатын бөлшектері, жиһаз, ағаш еден, терезе жақтаулары жанып жатты. Қабылданған шаралардың арқасында сағат 12:03-те өрттің алды алынып, 12:10-да сөндірілді. Қызыл жалын шарпыған аумақ 60 шаршы метрді құрайды», - деп атап өтті комитет.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, өрт сөндірушілер жеткенше мектеп қызметкерлері 640 адамды, оның ішінде 570 оқушыны қауіпсіз жерге шығарып үлгерген.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өрт электр сымының қысқа тұйықталуынан шыққан. Өртті сөндіруге Қарағанды облыстық ТЖД жеке құрамының 15 маманы мен 4 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері мектеп аумағын қоршауға алды.

Хабар 24 телеарнасы