384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда полиция қызметкері көлігімен адам қақты

  • 156
  • UPD: 23:23, 19.11.2019
Оралда полиция қызметкері көлігімен адам қақты

Оралда полицейлер тізгіндеген патрульдік көлік бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан қыз баланы қағып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір басынан жарақат алған жүргінші қалалық көп салалы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр деп отыр. Ал күдікті қызметінен босатылып, оған қатысты соталды тергеу амалдары басталды. Айта кету керек, адам қаққан полицейдің басшылары да тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Махсұдхан Әбләзімов, облыстық ПД басшысы:

– Мен қарамағымдағы қызметкердің ісі үшін Лариса Бейсованың туған-туыстары мен жақындарынан кешірім сұраймын. Біз өз тарапымыздан жан-жақты көмек көрсетеміз. Жәбірленушінің жарақатынан айығып, тез сауығып кетуін тілейміз.

Хабар 24 телеарнасы