386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда мерзімі өткен медициналық бұйымдар қоймасы табылды

  • 140
  • UPD: 08:19, 20.11.2019
Павлодарда мерзімі өткен медициналық бұйымдар қоймасы табылды

Ертіс өңірінің кардиологиялық орталығында бір реттік қолдануға арналған және пайдалануға жарамсыз медициналық бұйымдар анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы құралдар қоймада жатқан. Олар қолдану мерзімі аяқталғаннан соң талаптарға сәйкес жойылуы тиіс. Бірақ бұл шара қолға алынбаған болып шықты. Емдеу мекемесінде сақталып жатқан заттар туралы жауапты мекемеге жергілікті тұрғындардың бірі хабарлаған. Ол сырқаттардың бірі деген болжам бар. Шағымның нәтижесінде тиісті тексерістер қолға алынды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, препараттарды сақтауға және есептен шығаруға орталық мамандары жауапты. Олқылыққа бас медбике немесе бас дәрігердің орынбасары жол беруі мүмкін. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр, сондықтан басқа қандай да бір ақпарат әзірге құпия сақталып отыр.

Сәуле Арыстанова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Жұмыс тобы құрылып, тексеріс жұмыстарын жүргізді. Материалдар құқық қорғау органдарына жолданды. Сонымен қатар прокуратура және сыбайлас жемқорлық жөніндегі ұлттық бюро өкілдеріне берілді.

Хабар 24 телеарнасы