384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында ер адам туысын гір тасымен ұрып өлтірген

  • 174
  • UPD: 10:54, 20.11.2019
Алматы облысында ер адам туысын гір тасымен ұрып өлтірген Алматы.тв

Қарт адамның өліміне күдікті ретінде оның туысы ұсталған, деп хабарлайды inAlmaty.kz Алматы облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасай отырып.

18 қараша күні Бақтыбай ауылының тұрғыны полицияға хабарласып, ағасының із-түзсіз жоғалғанын айтқан. Одан қалды ол үйдің ішінен қан іздерін көрген. 

«Ер адамның денесі бақшада үйілген көңнің арасынан табылды. Ескелді аудандық полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар деген күдікпен жәбірленушінің сол үйде тұратын 63 жастағы туысын ұстады», – деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Алдын ала болжам бойынша, екеуара ұрыс-керіс кезінде күдікті қарт адамды гір тасымен ұрып өлтірген. Қазір тергеу жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы