384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәмханаға атпен кірген текелілік көкпаршыға қатысты іс қозғалды

  • 120
  • UPD: 12:45, 20.11.2019

Тамақтану орнында мәдениетсіздік танытқан азаматқа қатысты полиция іс қозғады, деп хабарлайды «Хабар 24».

дың бірі дәмханаға атпен кірген. Әлеуметтік желіде кеңінен тараған бейнежазбаға байланысты Алматы облысының полицейлері тексеріс жүргізді. Соның нәтижесінде кішігірім бұзақылық жасаған ер адамның есімі анықталып, қамауға алынды. Ол кенді шаһардың 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Сол күні көкпар тартқан жігіт кешқұрым достарымен кездесіпті. Басқосуда жолдастар өзара бәстескен екен. Соған бола қызуқанды жігіт көпшілік мәдени тамақтану орнына тұлпарымен кіріп, қайта шыққан. Аталған жағдайға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық бойынша іс қозғалды.

Серік Үпиев, облыстық ПД ресми өкілі:

- Қазіргі уақытта ҚР әкімшілік кодексінің 434-бабына, яғни ұсақ бұзақылық жасаған үшін аталған азамат сот шешімімен 5 күнге қамауға алынды.

Хабар 24 телеарнасы