384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірді

  • 141
  • UPD: 14:53, 20.11.2019
Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірді

Алматы полициясы мектеп оқушысына пышақпен тап берген адамды іздеуде, деп хабарлады Zakon.kz.

Оқыс оқиға Орбита ықшам ауданында мектеп жанында болған. 12 жасар қызға ер адам пышақ ала жүгірген. Ол қаскөйдің қолынан жұлқынып, сытылып шыққан.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі 19 қараша күні бұл жайтты баланың анасы 102 байланыс желісіне хабарлап айтқанын жеткізді.

«Шұғыл басқарма орталығының кезекші қызметкерлері дереу қылмыс орнына жетіп, аумақты сүзіп шықты. Одан бөлек жедел-тергеу тобы да қылмыс орнына барды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу тобының құрамына аудандық деңгейдегі және қаланың криминалдық полициясының тәжірибелі қызметкерлері кірді», - деп хабарлады полициядағылар.

Оқушы қыз ер адамның келбетін шамамен сипаттап бере алды.

«Бақылау камераларынан видеолар алынып, хаттама түрінде іс материалына тіркелді. Қазір ондағы мәліметтер мұқият зерттелуде. Тергеу іс-әрекетінің объективтілік, жан-жақты және толыққандылығын сақтау үшін іс мұқият егжей-тегжейлі зерттелуде, күдікті тұлға анықталып, қамауға алынады», - деді қалалық ПД баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, Таразда мектеп әжетханасында оқушы қыз зорланып, жәбір көрсетуші 38 жастағы ер адам ұсталған болатын. Тергеу барысында оның бұған дейін де істі болғаны анықталды. Ол 17 жасында осындай әрекеті үшін төрт жылын түрмеде өткізген. Күдікті алдағы 20 жылын темір тордың ар жағында өткізуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы