427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да газ баллоны жарылып, адамдар зардап шекті

  • 1171
  • UPD: 23:20, 20.11.2019
ШҚО-да газ баллоны жарылып, адамдар зардап шекті

Бүгін кешкі сағат 20:50 шамасында Аягөз қаласындағы жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылды.

Салдарынан үйдің жақтаулары құлап, бір жақ қабырғасы опырылып түсті. Оқыс оқиғадан зардап шеккен 7 адам жергілікті ауруханаға жеткізілді, олардың 4-еуі бала. Екі ересек адам қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жарылыстың неден шыққанын мамандар анықтауға кірісті.

Хабар 24 телеарнасы