386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда 10 жасар қызды көлік қағып кетті

  • 239
  • UPD: 15:07, 21.11.2019
Оралда 10 жасар қызды көлік қағып кетті

Орал қаласында 10 жастағы қыз баланы көлік қағып кетті.

Оқыс оқиға №5 шағын ауданда кешкі сағат 9-ға таман болған. Оқушы қыз жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқанда көлік астына түскен. Өкінішке қарай жедел жәрдем келіп жеткенше көз жұмды. Ал кінәлі жүргізуші із суытқан. Оқиға орнында қалған автомобиль бамперінің бөлшектері бойынша көлік маркасы анықталып, бірнеше сағат ішінде күдікті қолға түсті. Бұрын сотталған 33 жастағы азамат алғашында көлігін көрсетпей, біреулер ұрлап кетті деп жалтарса, кейін басқа да сылтаулар айтып, өзіне шаң жуытпаған. Полиция қызметкерлері бұлтартпас айғақтарды алға тартқан соң, айыбын мойындапты. Қазір қылмыстық іс қозғалды.

Манарбек Нажиев, облыстық ЖПҚ басқармасы басшысының орынбасары:

– Сондай ұқсас келетін автокөліктерді анықтап, облыс бойынша 698 көлік бар екен. Жол көлік оқиғасы болғаннан кейін тексеру жұмыстары жүргізіліп, тексеру кезінде бірнеше сағаттан кейін жол көлік оқиғасын жасаған адамға шыққан болатынбыз. Жол-көлік оқиғасын жасаған азамат полиция департаментінің уақытша ұстау орнына қамалды.

Жыл басынан бері өңірде жол апатынан 90 адам қаза тапқан, 400-і жарақаттанған. 300-дей жол-көлік оқиғасының үштен бірі жаяу жүргіншілерге қатысты екен. 10 жастағы Айару қаза тапқан кешегі жүргіншілер жолағының да тас қараңғы болғанын айта кеткен жөн. Қала басшылығының айтуынша жолдың бұл бөлігіне таяу арада жарық шамдары қойылады.  

Миржан Нұртазиев, қалалық ТКШ бөлімінің басшысы

– Қоғамдық мониторингтік топ тексерісімен 11 аса қауіпті учаске анықталған болатын. Сол 11 учаске бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аталған оқиға болған жерде екі участок, бұл «Нұр-5» және №46 мектеп жанына жоспарланған болатын. Жақын арада ол жерлерге қондыру жоспарда бар.

Хабар 24 телеарнасы