430,20 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада аялдамада болған жол апаты: қаза тапқандар бір үйдің балалары

  • 1182
  • UPD: 10:00, 22.11.2019
Қызылордада аялдамада болған жол апаты: қаза тапқандар бір үйдің балалары tengrinews.kz

Қызылордада Назарбаев даңғылындағы аялдамада болған жол апатынан бір отбасының балалары қаза тапқаны анықталды, деп хабарлады tengrinews.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, 9 жастағы Кәусар мен 11 жастағы Нұрислам туған бауырлар.

Балалар жол апаты болған күні қосымша сабаққа бара жатқан екен. Кәусар би мен ән сабағына барса, Нұрислам күреспен айналысқан.

«Бір отбасынан шыққан балалар – Кәусар Зәуірбек пен Нұрислам Зәуірбек үшін көңіл айтамыз. Үшінші оқушымыз жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр», - деді № 12 мектептің меңгерушісі Мира Ибадуллаева.

Еске салсақ, кеше қала орталығында екі көлік соқтығысып, біреуі екпінмен барып, аялдамада тұрған адамдарды қағып кеткен. Оқиға салдарынан аялдамада тұрған 3 адам қайтыс болды.

Екі адам ауруханаға жеткізілген болатын. Кейінірек олардың жансақтау бөлімінде жатқаны айтылды.

Хабар 24 телеарнасы