384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Өзбекстанның үкіметтік делегацияларының отырысы өтті

  • 131
  • UPD: 12:19, 22.11.2019
Қазақстан мен Өзбекстанның үкіметтік делегацияларының отырысы өтті

18-22 қарашада Нөкіс қаласында (Қарақалпақстан, Өзбекстан Республикасы) Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы үкіметтік делегацияларының отырысы өтті.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Тараптар Науаи облысымен және Өзбекстан Республикасының Қарақалпақстанымен шектесетін Қазақстан Республикасының Ақтөбе, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының шегіндегі учаскеге Мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындады.

Комиссия Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының үкіметтік делегациялары отырыстарының 2020 жылға арналған жоспар-кестесін бекітті.

Келіссөздер дәстүрлі достық және конструктивтік атмосферада өтті.

Хабар 24 телеарнасы