Қостанай облысы Рудный қаласындағы №3 саяжайдағы бір қабатты жеке тұрғын үйден өрт шықты. Бұл туралы alau.kz Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
«Оқиға орнында 17:35 шамасында саяжайдың 55 жастағы иесінің денесі табылды. Ол жалғыз өзі тұрған, жиһаз шеберханасында күзетші болып жұмыс істеген», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар комитеті қысқы жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды еске салады.