384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда есірткі саудалап келген азамат құрықталды

  • 127
  • UPD: 09:50, 23.11.2019
Алматыда есірткі саудалап келген азамат құрықталды

Алматыда есірткі саудасының жолы кесілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалалық Полиция департаменті берген мәлімет бойынша есірткі бизнесінің жетекшісі Түрксіб ауданының 1986 жылы туған тұрғыны екен. Оны қолға түсіру үшін Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері кешенді іздестіру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде есірткі сатушыны құны 40 мың теңгеге бағаланған затты сіріңке қорабына салып, оны тұрақты сатып алатын нашақорға құпия қалдырған жерде қолға түсірді. Күдіктінің үйін тінту кезінде пештің ішіне бөлшектеп тығып қойған ақ ұнтақтар тәркіленді. Сондай-ақ травматикалық қару, граната мен аңшы пышағы табылған. Химиялық сот-сараптама жалпы салмағы 1 келі 760 грамм ұнтақтың психотропты зат екенін анықтады. Ұсталған күдікті есірткіні қолма-қол емес, оны бір жерге құпия тығып кетіп, саудалағанын айтады. Ал, оның ақшасын электронды төлем жүйесі арқылы алып отырған.

Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:

- Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Есірткі саудалағаны үшін, сонымен қатар қару-жарақ сақтағаны үшін. Қылмыстық кодекстің нормаларына сәйкес есірткі саудалағаны үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімі көзделіп отыр. Биылғы жылдан бастап қылмыстың бұл түрі үшін жаза едәуір ауырлады. Және тапанша, оқ дәрі, граната сақтағаны үшін тағы да 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімі көзделуде. Бұл азамат өз қылмысын мойындады, қазіргі таңда уақытша оқшалау абақтысына қамалды.

Хабар 24 телеарнасы