384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында жеңіл автокөлік жүк пойызымен соқтығысты

  • 171
  • UPD: 11:41, 23.11.2019
Ақмола облысында жеңіл автокөлік жүк пойызымен соқтығысты

Оқиға өткен түні Шортанды станциясының тұсында болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сүйенсек, Audi 80 маркалы автокөлігі

«Нұр-Сұлтан-Көкшетау» бағытында кетіп бара жатқан жүк пойызымен теміржол өткелі маңында соқтығысқан. Салдарынан дене жарақатын алған 67 жастағы әйел мен 1984 жылы туған көлік жүргізуші ауруханасына жеткізілді.

«Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. Жол апаты басқа пойыздардың кестесіне кері әсер етіп жатқан жоқ», - деді, төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы