384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада жол апатынан үш адам қаза тауып, екеуі зардап шекті

  • 196
Елордада жол апатынан үш адам қаза тауып, екеуі зардап шекті

Елордада жол-көлік апаты салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«24 қараша күні сағат 06.45-те Қабанбай батыр даңғылы бойында болған жол апаты фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Алдын ала мәлімет бойынша, «ВАЗ-21099» маркалы көліктің жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылымен Мәңгілік ел даңғылына қарай келе жатып, қарсы бетке шығып кеткен. Салдарынан Toyota Camry көлігімен соқтығысқан», - деп мәлім етті қалалық Полиция департаментінен. Ақпаратқа сәйкес, «ВАЗ-21099» автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі мен оның 22 және 36 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Сондай-ақ ауруханаға осы көлікте болған тағы бір адам мен «Toyota Camry-дің» жүргізушісі жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы