384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда төрт жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті

  • 157
  • UPD: 15:55, 24.11.2019
Петропавлда төрт жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті pravmir.ru

Петропавлда төрт жасар бала бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қайғылы оқиға түске қарай Амангелді көшесінің бойында болған.

«Бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Оның қалай құлағаны анықталуда», - деп түсіндірді баспасөз қызметінен.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі сәбидің өте ауыр халде жатқанын хабарлады.

 

Хабар 24 телеарнасы