384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Porsche Panamera, Tesla, Mercedes S-класс... Алматы әкімдігінің маңында көліктер соқтығысты

  • 216
  • UPD: 10:04, 26.11.2019
Porsche Panamera, Tesla, Mercedes S-класс... Алматы әкімдігінің маңында көліктер соқтығысты

Porsche Panamera жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Алматы әкімдігінің маңында ірі жол апатын жасады, деп хабарлады Тенгри ньюс.

Куәгерлердің айтуынша, спорткар Сәтбаев көшесімен шығысқа қарай бағыт алған. Назарбаев даңғылынан өткеннен кейін машина қарсы бағытқа өтіп, тұрақта тұрған көліктерді соққан. Салдарынан Lexus LX 570, Mercedes S-класс, Mercedes C-класс және Tesla автокөлігіне зақым келген.
Апат салдарынан Mercedes S-класс көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Ол түрлі жарақаттармен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.

Қала полициясы оқиғаға байланысты тергеу жүргізіп жатыр.

 

Хабар 24 телеарнасы