384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңаөзенде газдан уланған үш студенттің бірі ауруханада есін жиды

  • 275
  • UPD: 13:00, 26.11.2019
Жаңаөзенде газдан уланған үш студенттің бірі ауруханада есін жиды inform.kz

Егер жағдайы жақсарса, ертең жалпы палатаға ауыстырылмақ.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, жергілікті мейрамханалардың бірінде даяшы болып жұмыс істеп жүрген үш жасөспірім газдан уланып, екеуі көз жұмған болатын. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тексерулер жүріп жатыр.

Әлішер Көмеков, Жаңаөзен қалалық ауруханасы басшысының орынбасары:

- Кеше сағат 13:00 шамасында шамасында түсті. 16 жастағы ер бала қазіргі таңда бізде жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы жақсы. Анықтамасы улану. Реаниматолог дәрігерлердің бақылауында.

Хабар 24 телеарнасы