384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оқиғалар хроникасы. 27 қараша

  • 122
  • UPD: 10:57, 27.11.2019

Орал қаласының 32 жасар тұрғыны көп қабатты үйдің жертөлесіне жылыжай салып, марихуана өсірген.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде тәртіп сақшылары 17 түп қарасора мен 3 қап есірткі тәркіледі. Қазір аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жалпы жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында 81 келіден астам есірткі жойылған.

Тоғыз қару тәркіленді

Ақтөбе облысында қару-жарақ сақтау ережесін өрескел бұзған 208 адам әкімшілік жауапқа тартылып, құжаты жоқ 9 қару тәркіленді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары қызметтік қару қолданатын 144 мекемеге тексеріс жүргізген. Бұл – күзет қызметі, дүкендер, түрлі оқу орталықтары. Соның 26-да заңбұзушылық анықталып, басшылары жазаланды.

Төрт көлікті соққан

Алматы қаласы әкімдігінің жанында ірі жол апаты болды. «Порше Панамера» көлігінің жүргізушісі тізгініне ие бола алмай, жол жиегінде тұрған 4 бірдей қымбат көлікті соққан. Салдарынан «Мерседес» көлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақатымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр. 

Дәрігерлік амбулатория өртенді

Павлодар облысына қарасты Қызылжар ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда өрт шықты. Күндізгі станционарда тұрған екі кереует жанған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Көпірден секірмек болған азамат құтқарылды

Алматы қаласының тәртіп сақшылары көпірден секірмек болған азаматты құтқарып қалды. Төле би мен Саин көшелерінің қиылысында өз-өзіне қол салмақ болған Өзбекстан азаматын ең әуелі такси жүргізушісі байқап қалған. Сөйтіп дереу полицияға хабар береді. Қазір мамандар оның бұл қадамға баруына не түрткі болғанын анықтап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы