386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде ұсталған адамды соққыға жыққан 10 полицей қызметінен босатылды

  • 137
  • UPD: 22:57, 27.11.2019
Ақтөбеде ұсталған адамды соққыға жыққан 10 полицей қызметінен босатылды

Ақтөбеде полиция бөлімшесіне жеткізілген азаматты тәртіп сақшылары соққыға жыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлеуметтік желілерде тараған бейнематериалда белгісіз біреуді құзырлы орган өкілдері аяусыз тоқпақтың астына алып жатыр. Өкілеттігін асыра сілтеген полицейлерге қолға түскен жанның қарсылық көрсетуге қауқары да жоқ. Полицейлердің оның қолын кісендегені көрініп тұр. Бұл жайт бойынша облыстық полиция департаменті қызметтік тексеріс тағайындаған. Нәтижесінде қылмыстық іс басталып, сот алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 362, билікті немесе лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану бабы бойынша тергеу жүргізілуде.

Атығай Арыстанов, облыстық ПД Басшысы:

Күдікті адамдарды ұстап, полиция бөліміне жеткізген кезінде біздің қызметкерлер соның біреуін ұрған ғой. Қазіргі таңда он полиция қызметкерлері орнынан босатылып, өз қызметтерінен босатылды.

Хабар 24 телеарнасы