384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында заңсыз балық аулағандар ұсталды

  • 183
  • UPD: 17:46, 29.11.2019
Маңғыстау облысында заңсыз балық аулағандар ұсталды

ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2019 жылғы қарашада «Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы» РМК лауазымды адамдарының заңға қайшы әрекетінің жолын кесті, деп хабарлады Tengrinews.kz комитеттің сайтына сілтеме жасап.

ҰҚК мәліметінше, балықтардың бекіре тұқымдарын аулау және уылдырық алу бойынша браконьерлік әрекет ұйымдастырған жергілікті тұрғындарға қамқоршылық жасаған.
«Ұсталған адамдардың қылмыстық әрекетінің нәтижесінде мемлекетке 320 миллионнан артық сомаға зиян келтірілді, заңсыз айналымнан 1 100 келі бекіре тұқымдас балық пен 17 келі қара уылдырық алынды. Маңғыстау облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабы 1-бөлігі, 335-бабы 3-бөлігі, 1, 3, 4, 5-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр», - делінген ҰҚК хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы