378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Агенттік қызметкерлері пойызда билетсіз жүрген 102 жолаушыны анықтады

  • 337
  • UPD: 21:59, 29.11.2019

Пойызда билетсіз жүрген 102 жолаушы анықталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті ұйымдастырған рейдтік шараның нәтижесі бұл.

Мамандардың айтуынша мереке кезінде билет кассаларындағы кезектен қашқандар жемқорлардың қармағына өздері түседі. Сондықтан мұндай жөнсіздікке алдымен жолаушылардың өздері сосын оңай олжаға бейім тұратын жолсеріктері кінәлі дейді олар. Жыл басынан бері 5 жолсерік әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. 

Жәнібек Қаражанов, ҚР СЖҚІҚА Атырау облысы бойынша басқармасының басшысы:

- Рейдтік шаралар барысында көптеген жолаушылардың «безбилетник», яғни билетсіз жүру фактілері анықталды. Яғни осы арқылы олар заңсыз ақша беру арқылы жолсеріктерге сыбайлас жемқолрлық тәуекелдерін туындатып келген. Олардың барлығы бойынша әкімшілік шара қолданылып, тиісті жазаларын алатын болады.

Хабар 24 телеарнасы