384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда супермаркет өртеніп кетті

  • 159
  • UPD: 13:53, 02.12.2019
Таразда супермаркет өртеніп кетті ТЖК баспасөз қызмті

Тараз қаласында Сәтпаев көшесінің бойында орналасқан «Эврика» супермаркеті өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Комитеттің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтің айтуынша, 2 желтоқсанда сағат 01:01-де екіқабатты «Эврика» супермаркетінен өрт шыққаны жайлы хабар келген.

«Өрт сөндірушілер келгеннен кейін екінші қабаттағы ағаш төбенің өртеніп жатқанын анықтаған. Өрт 03:31-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталады», - дейді Нұрсұлтан Нұрахметов.

Өртті сөндіруге барлығы 84 адам мен 19 техника жұмылдырылған. Полиция қызметкерлері нысанды қоршауға алған.

Хабар 24 телеарнасы