384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Самара-Шымкент трассасында жүк көлігі жолаушылар автобусымен соқтығысты

  • 143
  • UPD: 16:01, 02.12.2019
Самара-Шымкент трассасында жүк көлігі жолаушылар автобусымен соқтығысты

74 шетелдік тұрғын бар жолаушылар көлігі мен жүк көлігі Самара-Шымкент трассасында соқтығысты, деп хабарладыТенгри ньюс.

Оқиға 2 желтоқсанда Арал ауданындағы Шижаға ауылының аймағында болған. Алдын ала дерек бойынша, Neoplan автокөлігі жылдамдықты асырып, арақашықтықты байқамай Daf маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. 74 өзбекстандық пен тәжікстандық эвакуацияланды. Оларға қажетті көмек көрсетілді. Зардап шеккендерді жедел-жәрдем көлігі Арал орталық ауруханасына алып кеткен. Алдын ала болжам бойынша, жолаушылардың аяғы сынған.

Хабар 24 телеарнасы