384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында жолаушылар автобусы аударылып, 4 адам қаза тапты

  • 137
  • UPD: 12:24, 03.12.2019
Қызылорда облысында жолаушылар автобусы аударылып, 4 адам қаза тапты

Қызылорда облысында жолаушылар автобусы аударылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға бүгін таңғы 5-тер шамасында болған. Көктайғақтың салдарынан жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалып, қоғамдық көлік аударылды. Алдын ала мәлімет бойынша, салонда 50 жолаушы болған. Қазір зардап шеккендер саны анықталып жатыр. Кейбір ақпарат көздері 4 адамның қаза тауып, 12 адам жарақаттанғаны туралы мәлімдеуде. Апатқа ұшыраған автобус Құмкөл-Қызылорда бағыты бойынша келе жатқан екен. «Оқиға Қызылордадан 85 шақырым жерде болды. Қызылорда облысы ТЖД-да жедел штаб құрылды. Оқиға орнында құтқарушылар мен арнайы техникалар жұмыс істеп жатыр», – делінген ІІМ ТЖК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы