384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда сауда орталығы отқа оранды

  • 127
  • UPD: 10:50, 03.12.2019

Тараз қаласында ірі сауда орталығы отқа оранды.

Төтенше жағдай қызметкерлері оқиға орнына жеткенде ғимараттың екінші қабаты жанып жатқан. Өрт сөндіруге 19 арнайы техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазір тілсіз жаудың шығу себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр.

Алматыда жол апатынан 5 адам зардап шекті

Алматыда ірі жол апаты болды. Куәгерлердің айтуынша, «Тойота» көлігінің жүргізушісі ереже бойынша жол бермей «Лексус» көлігімен соқтығысады. Ол болса автобуспен қақтығысып, жолдың жиегіне шығарып жіберген. Қатты соққыдан жеңіл көліктердегі 5 адам зардап шекті. Осыған байланысты сот – медициналық сараптама тағайындалып, тергеу амалдары басталды. 

Қарағандыда күдікті жүргізуші ұсталды

Қарағандыда жол сақшылары тоқтатқан қымбат көліктің жүргізуші тұрғындардың ашуын келтірді. Әлеуметтік желіде тараған мына бейнеде «Тойота Ланд Крузер» көлігін тізгіндеген адам әрең тұр. Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша,  ұсталған азамат медициналық сараптамадан өтуден бас тартқан. Қазір осыған байланысты хаттама толтырылып, көлігі айыппұл тұрағына қойылды.

Хабар 24 телеарнасы