384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда маңындағы жол апатының мән-жайы анықталып жатыр

  • 135
  • UPD: 14:02, 03.12.2019

Қызылорда облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырағаны жайында хабарладық.

Көлік апаты бүгін таңғы 5-тер шамасында орын алған деген ақпар алдық. Көктайғақтың салдарынан жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалып, қоғамдық көлік аударылып қалған.

Қамбар Бекенов, тілші:

– Автобус Құмкөл-Қызылорда бағытында кетіп бара жатқан. Ол мұнай компанияларының біріне тиесілі екен. Оқиға облыс орталығынан 85 шақырым қашықтықта тіркелді. Салдарынан 8 адам қаза тауып, түрлі дене жарақатын алған 21 жолаушы облыстық және қалалық ауруханаларға жеткізілді. Әзірге олардың жағдайы туралы нақты мәлімет жоқ.

Хабар 24 телеарнасы