384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда жол апатынан зардап шеккен бір жасар бала ауыр халде жатыр

  • 165
  • UPD: 12:19, 03.12.2019
Павлодарда жол апатынан зардап шеккен бір жасар бала ауыр халде жатыр inform.kz

Ақтоғай аудандық ауруханасына жатқызылған 2018 жылы туған сәби ауыр халде, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Ленин кенті – Ертіс – Русская поляна тас жолында Kia Rio және ВАЗ 2109 автокөліктері соқтығысқан болатын. Қатты соққыдан ВАЗ 2109 жүргізушісі оқиға орнында бірден қайтыс болды. Алдыңғы орында отырған жолдасы ауруханаға барар жолда көз жұмды.

Апат орнынан Ақтоғай аудандық ауруханасына жол-көлік оқиғасында жарақат алған жеті адам жеткізілді. Олардың бесеуі – балалар.

«Ең кішісі бір жаста, үлкенінің жасы 17-де. Екі ересек пен төрт баланы облыстық аурухананың жарақат бөлімшелеріне санавиация алып кетті. Олар түрлі сүйек сынықтары мен басқа да жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», - дейді аудандық емхана бас дәрігерінің орынбасары Мадина Сабырова.

Айтуынша, аудандық ауруханада апатта зардап шеккен ең кіші науқас жатыр. Бір жастағы қыз балада бас сүйегінің сынығы мен бас сүйек миының ауыр жарақаты анықталды.

«Ол комада жатыр. Баланың өте ауыр халін ескере, оның жағдайының тұрақталуына дейін науқасты басқа ауруханаға жөнелтуден бас тарттық. Санавиацияны қайтадан шақырдық. Мамандар баланың жағдайын бағамдағанынан кейін оны транспорттау жөнінде шешім шығарады», - деді Мадина Сабырова.

Облыстық балалар ауруханасында хабарлағандай, аталған медициналық мекемеге апатта жарақаттанған үш бала жеткізілді. Жарақат бөліміне жатқызылған 2002 жылы туған баланың халінің ауырлығы орташа, ал 2011 және 2016 жылдары туған балалар аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр.

Хабар 24 телеарнасы