378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында жол апатына түскен 6 жолаушының жағдайы ауыр

  • 264
  • UPD: 14:50, 03.12.2019

Қызылорда-Құмкөл тас жолында апатқа ұшыраған автобуста жарақат алғандардың дені облыстық көпбейінді ауруханаға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірдегі тілшіміз Нұрлан Жақыпбек тікелей байланысқа қосылып, соңғы ақпараттармен бөлісті.

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

– Медициналық көмекке жүгінгендердің 13-і облыстық көпбейінді ауруханаға жатқызылды. Олардың 7-еуі нейрохирургия және травматология бөліміне жолданған. Ал 6 науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып, реанимация бөліміне жатқызылды. Олар ауыр бас ми жарақаты және жұлын омыртқа жарақатын алған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша тағы 4 адам қалалық ауруханада ем алуда. Автобус жолаушыларының кейбірі медициналық тексеруден кейін үйлеріне қайтарылыпты. Айта кетейік, бүгін таңғы сағат 5 жарым шамасында Құмкөл-Қызылорда автожолының 70 шақырымында 36 жолаушысы бар автобус апатқа ұшырады. Өкінішке қарай, оқиға орнында 8 адам көз жұмды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт алған автобустың аударылуына көктайғақ себеп болуы мүмкін. Ал жолаушылардың көбі Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындары екен.

Хабар 24 телеарнасы