384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада такси көлігімен 2 адамды қағып кеткен күдікті бұрын сотталған (видео)

  • 143
  • UPD: 17:35, 03.12.2019

Елордада адам қағып өлтірген күдікті бұрын екі рет сотты болған. Әрі жүргізушілік куәлігі болмаған, деп хабарлады «Хабар 24».

Бұл туралы қалалық полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов мәлімдеді.

Айтуынша, екінші жарақат алған жасөспірім ауыр халде дәрігерлердің бақылауында жатыр. Ал 23 жастағы күдікті қазір уақытша қамау изоляторында отыр. Аталған іске қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Еске салсақ, таңғы сағат 6:52-де 102 каналына белгісіз біреуден такси жүргізушісін ұрып-соғып, автокөлігін айдап кеткені туралы мәлімет келіп түскен. Осыдан кейін сағат 6:58-де аталған автокөлік Тәуелсіздік көшесінің бойында жолдан өтіп бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қағып кеткені анықталды.

«Ол азамат бұған дейін тонау және ұрлық фактісі бойынша істі болған. Сот шешімімен оның екі жыл бас бостандығын шектеу жазасы бар. Тергеу аяқталмай оған нақты қандай жаза тағайындалатынын айту ерте. Істі қысқа мерзімде аяқтаймыз. 345-бап бойынша 5 жылға дейін, 200 - бап бойынша -10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мұның барлығы тергеу барысында анықталады», - деді қалалық полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов.

Хабар 24 телеарнасы