376,09 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда 38 жастағы риелтор әйелдің денесі контейнерден табылды

  • 283
Қарағандыда 38 жастағы риелтор әйелдің денесі контейнерден табылды

Із-түссіз жоғалып кеткен қарағандылық әйелдің денесі көшеден табылды, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 3 желтоқсанда Қарағанды көшелерінің бірінде металл контейнердің ішінен 38 жастағы әйелдің денесі табылды. Ол 1 желтоқсаннан жоғалып кеткендер тізімінде болған. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Еріктілердің мәліметінше, жоғалып кеткен әйел Жанар Бөлегенова 29 қарашада қала орталығындағы үйінен шамамен 10:00-де шығып кеткен. Қолында қомақты қаржы болған әйел таксиге отырған. Қайтыс болған әйелдің артында екі бала қалған. Оның қайтыс болғанын марқұмның туыстары растады. 

Полицейлердің айтуынша, жедел тергеу шаралары кезінде қылмысын мойындаған 36 жастағы күдікті ұсталған.  

Хабар 24 телеарнасы