384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында ауыр техника аударылып, жұмысшы мерт болды

  • 126
  • UPD: 17:48, 03.12.2019
Ақмола облысында ауыр техника аударылып, жұмысшы мерт болды

Ақмола облысының Аршалы ауданында орналасқан кәсіпорындардың бірінде ауыр техника апатқа ұшырап, жұмысшы қаза тапты.

Оқиға 2 желтоқсан күні күндізгі сағат 12:05 шамасында болған. Волгодоновка ауылының маңында орналасқан карьерде төмен қарай бағыт алған ауыр техниканың тежегіші істен шығып, жол жиегінде алып тастарға соғылған. Ал тас таситын техниканың жүк салғышында 1990 жылы туған жұмысшы отырған. Олар тас үгітетін қондырғының торын тасымалдаған.

Апаттың салдарынан жұмысшы жігіт ауыр дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Қазір оқиға мән-жайы анықталып жатыр. Ал мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы