384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде 12 зауыт жұмысшысы уланып қалды

  • 142
  • UPD: 21:46, 03.12.2019
Өскеменде 12 зауыт жұмысшысы уланып қалды

Өскемендегі Үлбі металлургия зауытының 12 жұмысшысы уланып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар кәсіпорынның маңындағы өндірістік қалдық үйілген аумақта жұмыс істеп жатқан.

Сол сәтте бастары айналып, өздерін нашар сезінген. Бірден жедел жәрдем шақырып, 11 жұмысшыны ауруханаға жеткізген. Кешеден бері олар ем қабылдап жатыр. Ал жұмысшылардың денсаулығына неден зиян келгені алдағы бір-екі күнде зертханалық тексеруден соң нақты анықталмақ. Дәрігерлер ауруханада жатқан 11 адамның жағдайы бірқалыпты екенін айтады. Зауыт басшылығы жұмысшылары уланған аумақтың ауа құрамына зерттеу жүргізген. Алайда, өнідірістік қалдық сақталған жерде шекті мөлшерден артық ауытқушылық анықталмаған. Осы келеңсіз жағдайдың неден болғанын анықтау үшін құрамында бірнеше құзырлы органның қызметкерлері бар арнайы комиссия құрылды.

Сергей Бежецкий, Үлбі металлургия зауытының бас инженері:

Ауруханада жатқан жұмысшылардың қазір денсаулығы жақсы. Толық сараптама қорытындысы 2-3 күнде шығады. Ал тергеу-тексеру қолданыстағы заң мен ережеге сай жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы