384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жалған соттың жұмысы тоқтатылды

  • 148
  • UPD: 11:35, 04.12.2019

Анығырақ айтқанда, «Әділет» халықаралық төрелік сот» серіктестігін құрған қала тұрғыны заңсыз сот шешімін шығарумен айналысқан.

Ол әкімшілік, қылмыстық, азаматтық істерге қатысты Қазақстан Республикасы атынан шешім шығарып, ешқандай заңдық күші жоқ сот актілері арқылы азаматтарды көлік жүргізу құқығынан айырып, өтемақы өндіріп, күдіктілерді тергеу изоляторынан босатуға тырысқан. Қазіргі уақытта жалған сот жұмысы тоқтатылып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Бауыржан Молдажан, Бостандық аудандық прокурорының орынбасары:

- Жалған сот ісін жүргізген А есімді азаматшаға қатысты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексі 390-бабының 3-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ақтөбе облысында көктайғақтан шағын автобус аударылды. Оқиға орнына келген жол сақшылары Тәжікстанның 10 азаматын Бөгетсай ауылындағы арнайы орынға жайғастырып, көліктерін шығарып берді. Олар Ресейдің Челябі қаласынан елдеріне бара жатқан.

 

Хабар 24 телеарнасы